Жаңалықтар

Астанада ер адам танысын көшеде пышақтап өлтірді

Астанада ер адам танысын көшеде пышақтап өлтірді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 27.02.2024 10:51 1454

Астанада екі ер адам төбелесіп, оның бірі пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде полицейлер жедел жәрдем көліктері тұрған видео тарады. Оқиға Есіл ауданында болған. Екі өзбекстандық арасында жанжал туындап, бірі екіншісіне пышақ сұққан.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жәбірленуші жамбас аймағына пышақ жарақатын алғанын растады. Ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Денсаулыққа зиян келтіріп, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталды.

Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын анықтау шаралары жүргізіліп жатқанын мәдімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға