Жаңалықтар

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

Астанада ер адам көпірден секірмек болды
Фото: © Pixabay.com 07.05.2023 05:47 640

Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

5 мамыр таңғы сағат 8 шамасында ЖБО-ның 102 арнасына оқиға куәгерлерінен Янушкевич көшесінің бойындағы көпірден ер адамның секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түсті.

Бір қуанарлығы, сол кезде оқиға орнына дер кезінде жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жақын маңда кезекшілікте болған. Полицейлер оқиға орнына жеткен кезде ер адамның  аяғының көпірдің таянышында салбырап тұрғанын байқаған.  

Полиция қызметкері Серғазы Баянбаев жағдайды бағалап, тез жүгіріп барып, ер адамды қатты ұстап алып, оны қауіпті аймақтан алып шықты. Алайда ер адам өзін жөнсіз ұстап, полицейдің қолынан босаған. Сол мезетте көмекке оның серіктесі Айдос Сүлейменов жүгіріп келді. Олар ер адамды жұбатып, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді.

31 жастағы ер адамды мұндай ағат қылыққа не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға