Жаңалықтар

Астанада екі мас адам жылы аялдамаға зақым келтірді

Астанада екі мас адам жылы аялдамаға зақым келтірді
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 26.12.2023 21:17 608

Елордалық полицейлер Сусамыр көшесіндегі аялдамаға зақым келтірген екі адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

26 желтоқсанда түнгі сағат үш шамасында Астана ПД жедел басқару орталығына Сусамыр 35 көшесінде екі жігіт мас күйінде жылы аялдаманы тепкілеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер аялдамаға зақым келтірген адамдарды ұстаған жерге барды. Қазір болған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің жүзден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті патрульді екі мыңнан астам полиция қызметкері жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы жалғасуда.

Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға