Жаңалықтар

Астанада екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Астанада екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды
Фото: @aqparatqogam 17.12.2022 15:30 1310

Астана қаласында екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жобаның мақсаты – түрлі әлеуметтік-мәдени топтардың жастарына арнап бірлік пен келісім қағидаттарына негізделген бірыңғай мәдени кеңістік жасау. Іс-шараға хип-хопперлер, көше бишілері (брейк-дансерлер), скейтбордшылар, футбол фристайлының, стритболдың өкілдері, паркуристер қатысты. 

Жобаны салтанатты ашылуында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары сөз сөйледі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өз кезегінде жастардың жан-жақты дамуына, әлеуеті мен мүмкіндіктерін шыңдауға қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі таңда жастар арасында түрлі әлеуметтік-мәдени топтар қалыптасқан. Субмәдениет этникалық топтарға бөлінбейді, керісінше талант, стиль және жалпы өмір салты бірінші орынға шығады.

Қатысушылар екі күн ішінде барлық ұсынылған пәндер бойынша мамандандырылған алаңдарда жарысады, сондай-ақ, өз дағдыларын дамытып, кәсіби тәжірибелерін айтып береді.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға