Жаңалықтар

Астанада екі даңғыл мен тас жолда көлік қозғалысы шектеледі

Астанада екі даңғыл мен тас жолда көлік қозғалысы шектеледі
Фото: t.me/astana_newss 25.05.2023 11:23 524

Қорғалжын тас жолында және Р.Қошқарбаев пен әл-Фараби даңғылдарының қиылысында Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмысын жүргізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәселен, Қорғалжын тас жолында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Осыған байланысты 25-31 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Р.Қошқарбаев және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы көлік айрығынан оң жақ съездерге орташа жөндеу жүргізілуде. Мұнда көлік қозғалысы 25-27 мамыр аралығында толығымен жабылады.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға