Астанада екі автобустың жүру бағыты өзгерді

 © El.kz
Фото: © El.kz

Астанада екі автобустың жүру бағыты өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қабанбай батыр даңғылындағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі автобустың жүретін бағыты өзгерді. Бұл уақытша шара.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №18 және №37 автобустардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді, - делінген City transportation systems (CTS) хабарламасында.

Енді бұл автобустар Тұран даңғылы арқылы өтеді.

Оқи отырыңыз