Жаңалықтар

Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Фото: t.me/olympickz 28.04.2024 18:05 517

10-12 мамыр аралығында Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық олимпиада комитетіндегілер бұл Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингтік турнир болатынын атап өтті. 

Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бүгінгі күнге жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде әлемдік рейтинг көшбасшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің спортшылары тіркелген.

Жарыс нәтижесі бойынша IJF ережелеріне сәйкес турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін – 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Қазақстан зюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екі жақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға