Жаңалықтар

Астанада досымен бәстескен жасөспірім суға батып көз жұмды

Астанада досымен бәстескен жасөспірім суға батып көз жұмды
Фото: ©El.kz 13.06.2024 09:55 574

Астана қаласында 2007 жылы туған жасөспірім суға батып көз жұмған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 12 маусым күні болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, екі жасөспірім судан кім бірінші жүзіп өтеді деп бәстескен. Астана ТЖД өкілдері де бұл ақпаратты растады.

12 маусым күні Есіл өзенінде 2007 жылғы жасөспірімнің денесі табылды. Жасөспірімдер өзеннің екі жағасына кім бірінші жүзіп өтеді деп жарысқан, - деп хабарлады Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Астана қаласы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары баланың денесін сағат 19:02-де судан алып шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға