Жаңалықтар

Астанада Брусиловский көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

Астанада Брусиловский көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 30.05.2024 15:29 385

Елордада 30-31 мамыр аралығында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Брусиловский көшесінің учаскесі толығымен жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға