Жаңалықтар

Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 03.08.2023 16:42 723

Астана қаласында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 2023 жылғы 3 тамызда сағат 14:30-17:00 «Жастар» сарайында өтетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметінше, жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына бос жұмыс орындары ұсынылады.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Халық банкі, Хоум Кредит банкі, «БАЗИС-А» құрылыс компаниясы, «Центрказэнергомонтаж» АҚ, «Магнум» сауда желісі, «Мечта» дүкені, «SMEU Astana» ЖШС және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.

Сондай-ақ, іс-шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу жөнінде кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға