Жаңалықтар

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 25.05.2023 16:26 482

Астанадағы «Жастар» сарайында жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметі бойынша, жәрмеңкеге түрлі салалардан – банктерден, мұнай-газ саласынан, мемлекеттік әлеуметтік қызметтерден және басқа да салалар бойынша жұмыс берушілер қатысқан.

Бүгінгі таңда жұмыс берушілер бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, сондықтан ниет білдірушілер таңдау жасай алады. Онда таңдалған бағыт бойынша қосымша кеңес алуға болады. Мәселен, 24 мамырда «Жастар» сарайында 16 компания қатысып, жастарды жұмысқа орналастыру аясында 273 жұмыс орнын ұсынуға дайын. Жұмыс берушілер арасында банктер, үкіметтік ұйымдар, аграрлық компаниялар және т.б. бар. Ұйымдастырушылар жұмыспен қамтудың дәл осы форматының тиімділігі туралы айтып берді, - делінген мәліметте.

Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов атап өткендей, бос орындар жәрмеңкесіне жастар өте белсенді келіп, жұмыс берушілердің ұсыныстары мен стартаптарды қолдау бағдарламаларына қызығушылық танытуда.

Өскелең ұрпақ өкілдері бүгінде әлеуметтік желі арқылы тілдесіп, ақпаратпен өте жылдам алмасуда. Барлығы enbek.kz порталындағы бос жұмыс орындарын байқаған соң онлайн-тіркеуден өтіп, жауап алады. Сондай-ақ біз осындай офлайн жәрмеңкелерді жылына 30-40 рет әртүрлі орындарда өткіземіз. Оларға тек жұмыспен қамту орталығы ғана емес, жастар саясаты басқармасы, әкімдік және басқа да ұйымдар қатысады. Біздің жастар белсенді, кездесуде қойылатые сұрақтары да аз емес. Біз осындай жәрмеңкелерде қойылған сауалдарға жауап беріп, түсініксіз тұстарын кеңінен түсіндіріп береміз, – деді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Бақытбек Қабжанов

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына 8 210 жас азамат жүгінген. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралармен 5500 адам қамтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға