Жаңалықтар

Астанада Бөгенбай батыр-Сарыарқа қиылысы ішінара жабылады

Астанада Бөгенбай батыр-Сарыарқа қиылысы ішінара жабылады
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 19.06.2024 09:48 296

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бөгенбай батыр даңғылы мен Сарыарқа даңғылының қиылысында Сарыарқа даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу аясында жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты 19-21 маусым аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға