Жаңалықтар

Астанада «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экоакциясы өтеді

Елорданың табиғатқа бей-жай қарамайтын азаматтарын экологиялық сенбілікке шығуға, қоқыспен күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз
Астанада «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экоакциясы өтеді
Фото: gov.kz 05.10.2022 10:22 2621

8 қазан күні сағат 10:00-де елордада «Бірге-таза Қазақстан!» республикалық акциясы аясында «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экологиялық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Акцияның басты мақсаты-жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын орман екпелерін, демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару, елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.

Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағын, орман екпелерін, азаматтардың жаппай демалатын орындарын қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі, өскелең ұрпақ үшін түрлі конкурстар мен іс-шаралар да ұйымдастырылады.

Елорданың табиғатқа бей-жай қарамайтын азаматтарын экологиялық сенбілікке шығуға, қоқыспен күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға