
Астанада бірқатар көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі
02.06.2025 16:30
1720
Фото: Астана әкімдігі
Астанада бірқатар көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Бурабай көшесінде, Хантау көшесінен Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі аралықта жол жөндеу жұмыстарының жалғастырылатыны туралы хабарлайды. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 3-18 маусым аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай шектеледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
12 Маусым, 18:09
«Жоғалған бала. Жаураған ана. Үйі суға кеткен халық»: жастарды ерікті болуға не итермелейді
5 Маусым, 15:18
Рәміздер күні қалай аталып өтті?