Жаңалықтар

Астанада бірнеше қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгереді

Астанада бірнеше қоғамдық көліктің бағдары уақытша өзгереді
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 10.09.2023 02:12 510

Елордада 9 қыркүйекте жеті жолаушылар автобусы қозғалыс бағытын өзгертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті жолаушылар! Отбасы күнін мерекелеу аясында "KOKTAL RUN" марафонының өткізілуіне байланысты, 9 қыркүйекте №№ 2, 13, 32, 49, 50, 64, 73 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, - дейді City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан-Солтүстік Ирландия матчының жанкүйерлеріне шаттл-автобустар қызмет көрсететіні туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға