Жаңалықтар

Астанада бірнеше оқушы 8 оқитын қызды зорлаған

Астанада бірнеше оқушы 8 оқитын қызды зорлаған
Фото: © Pixabay.com 30.01.2024 01:08 787

Астанада мектеп жасындағы бірнеше бала 8 оқитын оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Самат Ысқақов есімді Facebook қолданушысы желі парақшасында жазды. Қыздың зорлану дерегін қалалық білім басқармасындағылар растаған.

Оқи отырыңыз: 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қыздың зорлану дерегі бойынша пікір білдірді. 17 қаңтарда қылмыстық іс қозғалған.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен тіркелді. Күдіктілер ұсталды, тергеу изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздың анасымен байланыстамын. Оқушымен психологтар жұмыс істеуде деп жазды балалар омбудсмені Instagram парақшасында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға