City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі Астанадағы бірнеше автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілгенін хабарлады.
Елорда әкімдігі де 7 қазаннан бастап Tarlan Astana екінші кезегінің құрылысына байланысты қаладағы автобус бағдарларының уақытша өзгергенін мәлімдеді.
Құрметті жолаушылар! №9, 10, 19, 23, 33, 83 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді, - делінген City Transportation Systems ЖШС хабарламасында.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін өзгерістерді «Avtobys» қосымшасынан қадағалай аласыздар.
«Амангелді Иманов көшесі» аялдамасына автобустардың тоқтау мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты бағдарлар жолаушыларды аталған аялдамада уақытша отырғызып/түсірмейді, – деп хабарлады City Transportation Systems ЖШС.
Кей бағыттың сызбасы толық өзгерді
10 қазаннан бастап № 60, № 71 және № 120А автобус бағдарларының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілді. № 60 бағдардың қозғалыс сызбасы С. Шаймерденов көшесі, Астана - Қарағанды тасжолы және Р. Қошқарбаев даңғылы арқылы ұзартылып, сақиналы бағдар ұйымдастырылады:
- № 60А - сағат тілі бағытымен жүреді. Бастапқы аялдама № 1 қалалық аурухана, соңғы аялдама № 63 мектеп-гимназия.
- № 60Б - сағат тіліне қарсы бағытта қатынайды. Бастапқы аялдама № 63 мектеп-гимназия, соңғы аялдама № 1 қалалық аурухана.
№ 71 бағдар С. Шаймерденов көшесіне бұрылмай Астана - Қарағанды тасжолы бойымен тура қатынайды. Енгізілген өзгерістер бағдарлар ұзындығын 3,4 км-ге, ал айналым уақытын 12 минутқа қысқартуға мүмкіндік береді.
№ 120А бағдардың қозғалыс сызбасы бойынша бағдар «Көктал-1» тұрғын алабына бұрылып қатынайтын болады. Осылайша, Жасыл ел шағынауданы тұрғындарына № 40 және № 41 орта мектептеріне, «Меруерт» балабақшасына, Көктал паркіне, № 106 орта мектебіне және «TANYM Art» көпфункционалды кешеніне көлік қатынасы қамтамасыз етіледі.
Автобус саны артады
Көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 11 қалалық бағдарда демалыс және жұмыс күндері қатынайтын автобустар саны 22-ге жетсе, 5 экспресс-бағдарда жаңа 10 автобусқа толықты.
10 қазаннан бастап, демалыс күндері:
- № 12 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 11);
- № 37 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 10);
- № 46 бағдар – енді 16 автобус (бұрын 15);
- № 50 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 64 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 11).
12 қазаннан бастап, жұмыс күндері:
- № 3 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 18);
- № 4 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 16);
- № 5 бағдар – енді 20 автобус (бұрын 16);
- № 35 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 16);
- № 36 бағдар – енді 18 автобус (бұрын 17);
- № 63 бағдар – енді 24 автобус (бұрын 22).
Экспресс, күнделікті:
- № 502 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 505 бағдар – енді 14 автобус (бұрын 12);
- № 506 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 10);
- № 507 бағдар – енді 12 автобус (бұрын 10);
- № 508 бағдар - енді 12 автобус (бұрын 10).
Автобус санын арттыру күту уақытын қысқартуға және сапарларды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.