Жаңалықтар

Астанада бірмандатты жүйемен сайланған мәслихат депутаттары анықталды

Астанада бірмандатты жүйемен сайланған мәслихат депутаттары анықталды
Фото: El.kz 24.03.2023 18:13 2040

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясында 19 наурызда өткен Астана қаласы мәслихаты депутаттарының партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпаратты Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова мәлімдеді.

19 наурыз күні өткен сайлаудың сайлаушылар тізіміне 788 931 азамат енгізілді. Дауыс беруге 332 694 сайлаушы қатысты. Олардың ішінде 519 сайлаушы үй-жайлардан дауыс берді.

Саяси партиялар үшін дауыстар саны былай бөлінді:

«Amanat» партиясы - 227307 дауыс;

«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы - 2197 дауыс;

«Respublica» партиясы - 5401 дауыс;

Қазақстан халық партиясы - 18174 дауыс;

«Байтақ» жасылдар партиясы - 18154 дауыс;

«Ақ жол» демократиялық партиясы - 56049 дауыс;

Бәріне қарсымын - 3269 дауыс.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 5 және одан көп пайызын алған саяси партиялардың былайынша бөлінгені белгілі болды:

«Amanat» партиясы - 12 мандат, Қазақстан халық партиясы - 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы - 1 мандат, «Ақ жол» демократиялық партиясы - 3 мандат.

Астана қаласы мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мына азаматтар сайланды деп есептеледі:

№1 сайлау округі бойынша – Сергеев Владислав Алексеевич;
№2 сайлау округі бойынша – Байсеркина Динара Сәтжанқызы;
№3 сайлау округі бойынша – Өмірзақов Азамат Тұрсынбекұлы;
№4 сайлау округі бойынша – Әжікенова Мәдина Берікболқызы;
№5 сайлау округі бойынша – Айтқожин Азамат Серікұлы;
№6 сайлау округі бойынша – Көпешов Нұрлан Маратұлы;
№7 сайлау округі бойынша – Женалаева Салтанат Мұқанбетпанақызы;
№8 сайлау округі бойынша – Естек Қанат Ғалымжанұлы;
№9 сайлау округі бойынша – Төлеген Бахаргүл;
№10 сайлау округі бойынша – Мүсілім Нұрлан Сарбайұлы;
№11 сайлау округі бойынша – Орынбасаров Азамат Манасұлы;
№12 сайлау округі бойынша – Самидин Сәуле Самидинқызы;
№13 сайлау округі бойынша – Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы;
№14 сайлау округі бойынша – Лория Давид Григорьевич;
№15 сайлау округі бойынша – Смайылов Бауыржан Амангелдіұлы;
№16 сайлау округі бойынша – Ерғалиев Талғат Файзоллаұлы;
№17 сайлау округі бойынша – Рахмет Жандос Қанатұлы. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға