Жаңалықтар

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 28.02.2024 17:49 437

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылған «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті ұйымдастырылды. Аталған ансамбль бүгінде концертке қызу дайындық жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жанды аспаптық сүйемелдеумен әлем халықтарының билерін кәсіби деңгейде орындайтын халықаралық ұжымның құрамына елімізде тұратын этнос өкілдерінің арасынан үздік 20 биші мен музыкант таңдалды.

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді

Фото: Арман Мухатов

Ұжымның ерекше әрі эксклюзивті би композицияларын қоюға Ресей, Татарстан, Өзбекстаннан шақырылған көрнекті шетелдік мамандар және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ат салысты. Дайындықты хореографтар Анель Марабаева, Аида Бекишева, балетмейстер Жанатай Қожабеков пен тұсаукесер-концерттің режиссері Саян Мырза жүргізіп жатыр.

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді

Фото: Арман Мухатов

«BIRLIK» ансамблінің ерекшелігі оның өзге ұлт өкілдерінің әртістерінен құралуында. Біз осы топты құру арқылы Қазақстанымыздың көпұлтты мемлекет екенін көрсеткіміз келеді. Ансамбльде әншілер, бишілер, инструменталистер өнер көрсетеді. Біз оларды небәрі 1,5 айдың ішінде іріктеп алдық. Концерттің Алғыс айту күніне дәлме-дәл түсіп отырғандығы бізді қуантады, – деп атап өтті Саян Мырза. 

Хореограф, Мәдениет қайраткері Аида Бекишева «BIRLIK» ансамблінің құрамында тек екі қазақ қызы, қалғаны өзге ұлт өкілдері екенін айтады. 

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді

Фото: Арман Мухатов

Ансамбльде орыс, кәріс, өзбек сынды бірнеше ұлт өкілдері бар. Олар жан-жақтан іріктелді. Концерттен орыстың қызы өзбек биін, украин қызы кәріс биін, татар, орыс қызы қазақтың биін билегенін тамашалай аласыздар, – деді ол. 

Алдағы Алғыс айту күнінде өтетін концертте өнер көрсететін биші Александрина Хомицкая Корей халқының биін билейтін болады.

Астанада «BIRLIK» ансамблінің тұсаукесер-концерті өтеді

Фото: Арман Мухатов

Концертте билейтін биімді әлем халықтары биінің солисі Анель Марабаева қойып берді. Кезінде осы биді өзі билеген еді, ендігі кезек маған келген сияқты. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы болатын концерт көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамын, – деді биші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға