Жаңалықтар

Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Фото: gov.kz 11.12.2023 19:26 568

Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 12 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астананың білім басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 12 желтоқсан күні ауа температурасы 30 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға