Жаңалықтар

Астанада бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

Астанада бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 18.02.2024 18:35 418

Астанада коммуналдық сала жұмысшылары бір түнде 1,2 мыңнан астам жүк көлігіне тиелген 16 мың текше метрден астам қарды шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, коммуналшылар ауа райының қолайсыздығына, боран мен аязға қарамастан, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

18 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,3 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылған.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себілді.

Өткен түнде, яғни, 17 ақпаннан 18-іне қараған түні қаладан 16 мың текше метрден астам қар шығарылды. Полигондарға 1,2 мыңнан астам рейс жасалды. Қыс мезгілінің басынан бері 347 мыңнан астам рейс арқылы елордадан 4,7 млн текше метрден астам қар шығарылды деп мәлімдеді әкімдіктен.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға