Жаңалықтар

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 05.07.2023 21:30 958

Ұлттық музейде Берік Молжігіттің «Менің әлемдерім» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Қазыналы көрмені өнерге құштар жұртшылықпен бірге белгілі суретшілер тамашалады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

«Суретшілік не мүсіншілік қабілеті жоқ адамнан сәулетші шықпайды. Суретшілігі де, мүсіншілігі де жоқтар құрылысшы ғана бола алады» деген Джон Рескиндің атақты сөзі бар. Сурет пен сәулет өнерін қос қанатындай қатар алып жүретін жан некен-саяқ. Соның бірі – бүгінгі көрменің авторы Берік Молжігіт. Белгілі сәулетші-суретшінің сәулет және бейнелеу өнеріне қосқан елеулі үлесін насихаттау, оның шығармашылығын таныстыру мақсатында өткен көрменің жұртқа сыйлаған әсері мен шабыты мол болды.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Берік Молжігіт – Қазақстанның Құрметті сәулетшісі, Қазақстан Республикасының Сәулетшілер және Суретшілер одағының мүшесі, Болгария Сәулетшілер одағының «INTERARCH-2012» XII Дүниежүзілік сәулетшілер триенналесінің “Gold Capital” марапатының иегері, елдегі танымал ғимараттар жобаларының авторы.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Берік Молжігіт келе жатқан Астана күнімен құттықтап, көрерменге алғысын жеткізді.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Бұл көрмеде кескіндеме де, графика мен архитектура да бар. Маған көп адам сіз суретшісіз бе жоқ сәулетшісіз бе деп сұрақ қояды. Мен екеуін бөлмеймін. Әркім өзіне ұнағанын тамашалайды. Мен әртүрлі стильде жазам. Қалай ойыма келеді солай бейнелеймін. Менің бұл жердегі жұмыстарым 1993 жылдан 2013 жылға дейінгі шығармаларымның таңдаулысы. Мен бір стилде 10-15 жыл жұмыс істегеннен кейін ары қарай жалғастырғым келмей қалады. Көңілім нені қалайды солай жазамын, - деді көрме авторы.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Көрмеге шебердің 80-нен астам кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылаған. Ол қатарда «Ботаникалық бақ», «Дала корридасы» атты циклді суреттер, «Қызыл бұлақ», «Терезе алдында», «Күзгі терек», «Түнгі қала», «Айлы түн», «Жасыл қорған», «Күннің батуы», «Жалғыздық», «Кеш», «Гүл», «Күзгі жапырақ», «Шараның портреті», «Автопортрет», «Ескі жол», «Еске алу», «Жусан» қатарлы майлы бояумен салынған көркем туындылары бар.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Берік Молжігіт Қазақстанға белгілі сәулетші. Мен жастайынан білем. Кезінде көркем сурет училищесінде оқығанбыз. Ол басында кескіндеме өнерін бітірді. Сосын Ленинградқа барды да архитектура факультетіне түсіп, сәулет өнерімен айналысып кетті. Бірақ бойындағы түске, бояуға деген қабілет маза бермейді. Соны тастамай өзінің архитектуралық шығармашылығымен бірге кескіндемемен де, графикамен де айналысып жүр. Оның архитектуралық шығармашылығы кескіндемеде өзіндік қабылдауға, жаңаша ойлауға көмек берді ғой деп ойлаймын. Оны осы көрмедегі жұмыстарынан да көруге болады. Реалистік пейзаждар, портреттерден басқа таза конструктивтік тұрғыда жасалған туындыларды көруге болады. Яғни, оның ойлау өрісі екі бағытты бірдей түсініп, бірдей қабылдағандықтан композициялық жүйесі, сезінуі әлдеқайда кеңеді деп ойлаймын, - деді зерттеуші-этнограф, суретші Қалиолла Ахметжан.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Сонымен қатар көрерменге сәулеттік композициялар мен нобайларды көрсету үшін бірнеше планшет ұсынылған.  Алматының әуежайындағы жолаушыларға арналған жаңа терминал, Тараздағы бокс сарайы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аймағындағы Білім сағаты сияқты сәулет өнері туындыларының жобаларын жасап, қалалардың көркеюіне зор үлес қосты.

Астанада Берік Молжігіттің жеке көрмесі ашылды

Көрмені 2023 жылдың 6 тамызына дейін Ұлттық музейдің 4 қабатында орналасқан №2 Бейнелеу өнер залында тамашалауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға