Жаңалықтар

Астанада белгілі гимнастика шеберлері жас спортшылармен кездесті

Астанада белгілі гимнастика шеберлері жас спортшылармен кездесті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 18.04.2024 20:15 394

Астанадағы көркем гимнастика орталығында «Азия балалары» Халықаралық комитетінің ұйымдастыруымен «Олимпқа жол» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба аясында жас гимнастар көркем гимнастикадан Олимпиада чемпионы Вера Бирюковамен және Азия ойындарының чемпионы Анна Алябьевамен кездесті.

Шеберлік сағаты барысында астаналық 85 дарынды гимнаст тәжірибелі спортшылардың жетістігінің құпиясын білуге мүмкіндік алды. Белгілі спортшылар спортшылар өз білімдерімен бөлісіп, жас қатысушыларды гимнастика саласындағы жаңа жетістіктерге шабыт сыйлады. 

Оған тәжірибелі көркем гимнастар ғана емес, жаңадан бастаған 4-5 жастағы спортшыларымыз да қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға