Жаңалықтар

Астанада басты көшелер екі аптаға жабылады

Астанада басты көшелер екі аптаға жабылады
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.08.2023 08:25 498

Жол жөндеу жұмысына байланысты 16-31 тамыз аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы жол қозғалысы толығымен шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығынан М1 көпіріне оң жақ съездінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастады, - деп жазды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу жұмысы Астана қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 16-31 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға