Жаңалықтар

Астанада БАҚ өкілдері Мәжіліс кубогында футболдан сынға түсті

Астанада БАҚ өкілдері Мәжіліс кубогында футболдан сынға түсті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі 01.10.2023 11:22 461

Астанада ​​Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен MajilisСup2023 республикалық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі .

Дүбірлі дода нәтижесіде жетісулық "Қарекет" командасы топ жарды. Финалға шыққан Талдықорған қаласынан келген БАҚ өкілдерінің құрамасы "Қазмедиялықтарды" сан соқтырды. Осылайша "Қазмедиа" құрамасы екінші орынды місе тұтты. Ал үшінші орын "Хабар" құрамасына бұйырды. Олар жауапты сында «Qaz365.kz» командасын ұтып, үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ, турнирдің үздік ойыншылары да арнайы номинациялармен марапатталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға