Жаңалықтар

Астанада «Қазақ халқына мың алғыс» республикалық форумы аясында қымызға арналған көрме өтеді

Астанада «Қазақ халқына мың алғыс» республикалық форумы аясында қымызға арналған көрме өтеді
05.02.2019 12:29 1712

Алдымыздағы 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін «Қазақ халқына мың алғыс» республикалық форумы аясында қымызға арналған көрме жоспарланған, мұнда Ұлттық музейдің экспонаттары қойылады, күбі, саба, мес түрлері мен заманауи тәсілдермен даярланған қымыз және ұнтақ түріндегі саумал көрермендер назарына ұсынылады.  

Көшпенді өмір салтын ұстанған ата-бабаларымызға - мың алғыс! Асау жылқыны қолға үйрету, құлынды биеден саумал сүт алу, одан дәмді сары қымыз даярлау әдісін ұрпақтарға жеткізгеніне тәубе етуіміз қажет және осындай құнды ұлттық өнімімізді сапалы дайындау әдістерін ұрпаққа аманаттау, қазақтың сусыны қымызды ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру, сөзсіз, бұл біздің парызымыз!  Қазақ халқының ұлттық сусыны, дертке шипа болатын қымыздың пайдасын насихаттап, маңызын көрсету мақсатында Қазақстанның күнтізбесіне «Қымыз күні» мерекесін енгізсе нұр үстіне нұр болар еді.

Қазақ халқы жылқыны киелі жануар санап, қастерлеген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры»  мақаласында «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі... Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды», деп атап өткен еді. Қазақ қашаннан жылқылы ел болғаны белгілі.

Осы және басқа да қызықты әрі тың деректер жайлы шолу мақаламыздан осы жерден оқи аласыздар

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға