Жаңалықтар

Астанада автобустардың жаңа бағыттары пайда болды

Астанада автобустардың жаңа бағыттары пайда болды
Фото: gov.kz 31.08.2023 08:27 536

31 тамызда № 49 және № 57 жаңа бағдарлары линияға шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

№ 49 жаңа бағдары Көктал-2 мен Ұлы дала даңғылы бағытында қатынайды және Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, «Көктал» саябағын Жағалау елді мекенін байланыстырады.

Сондай-ақ Ш.Айтматов, Сығанақ көшелеріне, Қабанбай батыр даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартып, «Dastur», «Home Land», «Athletic city» ТК тұрғындарын көліктік қызметпен қамтамасыз етеді.
Бағдар бойынша 12-15 минуттық арақашықтықпен 10 автобус жүреді.

№57 бағдар «Төле би көшесі» – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы» қатынасымен Төле би көшесіне қызмет көрсетуге, А.Байтұрсынов көшесіне, Қошқарбаев даңғылына көліктік қызмет көрсетуді жақсартуға №92 мектеп пен Айнакөл көшесі, «Хабар» ТК арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге, Ы.Алтынсарин атындағы Бином мектебіне қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, №40 бағдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бағдар бойынша 10 автобус 10-15 минуттық арақашықтықпен жүреді.

Бағдарлардың қозғалыс сызбалары желі учаскелеріндегі қолданыстағы қажеттілікті ескере отырып әзірленгенін атап кеткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға