Жаңалықтар

Астанада авто және мотоспорт маусымы ашылды

Астанада авто және мотоспорт маусымы ашылды
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 29.05.2023 02:11 696

Елордада авто және мотоспорт маусымы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маусымның ашылу құрметіне дәстүрге сай дерби жарысы өтті.

Айта кетерлігі, бұл жарыс түрі алғаш рет Америка Құрама Штаттарында бастау алып, бүкіл әлемге танылды.

Ал Астанада екінші жыл қатарынан өтіп отыр.

Ереже бойынша бетпе-бет және жүргізуші отырған есіктен соқтығысуға болмайды. Көліктің шанағы мен ішкі салоны темір жақтаулармен бекітілуі тиіс. Жүргізуші міндетті түрде шлем киіп, өрт сөндіру құрылғысын өзімен бірге алып отыруы қажет. Терезедегі әйнектің орнына темір тор орнатылады, - дейді ұйымдастырушы Анатолий Бондарь.

Додаға 12 үміткер қатысты. Жарыс ережесі бойынша жүргізушілер бірінен бірі оза түсіп, қарсыластың темір тұлпарын тоқтату үшін дөңгелегін немесе қозғалтқышын істен шығаруы тиіс. Көлігіне ең аз залал келген автошабандоз жеңімпаз атанады. Техника міндетті түрде артқы жетекті болуы шарт. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта ел аумағында осындай шоу өткізетіндерін айтты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға