Жаңалықтар

Астанада ауқымды санитарлық тазалау жұмыстары жүруде

Қалада жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр
Астанада ауқымды санитарлық тазалау жұмыстары жүруде
Фото: gov.kz 26.03.2023 15:56 1080

Астанада күн райының жылынуына орай көктемгі санитарлық тазалық жұмысы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қыс мезгілінен кейін қаланың барлық ауданында қоршаулар мен саябақтар, гүлзарлар мен алаңдар, аулалар адам көп жиналатын өзге де орындар тазаланып, жуылады. 

Таңертеңнен кешке дейін елорданың барлық төрт ауданында, оның ішінде елді мекендерде қаланың коммуналдық қызметтері санитарлық тазалық жұмысын жүргізеді.

Осылайша, көпірлер, қоршаулар, тротуарлар, жол және көрсеткіш белгілері жуылады, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылады.

Ескерткіштерді, шағын сәулет нысандарын шаң мен кірден тазартуға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ ағаштардың түбін қопсыту, қурап қалған бұталарды кесу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ағаштың қурап қалмауы үшін жасалады.

Айта кету керек, тұрғындар тарапынан да тазалық сақталуы керек, қаланы осылайша әдемі, жайлы және таза күйінде ұстауға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға