Жаңалықтар

Астанада Қарттар күні атап өтіледі

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді
Астанада Қарттар күні  атап өтіледі
Фото: El.kz 29.09.2022 15:09 1671

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Осы мерекеге орай елордалық мәдениет, білім беру, спорт мекемелері аға ұрпаққа қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған көптеген іс-шаралар, концерттер, қайырымдылық акцияларын өткізеді, деп хабарлайды El.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

20-29 қыркүйек аралығында әлеуметтік желілерде балалар өздерінің ата-әжелерін құттықтайтын роликтермен челлендж өткізіледі. Осы апта ішінде аудандық әкімдіктер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себетін тасымалдайды. 29 қыркүйекте «Өндіріс» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қарттар күніне орай белсенді зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисінен жарыстар өтеді.

Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесі де шетте қалмады. Сонымен, 29 қыркүйекте сағат 12:00-де №5 балалар кітапханасында «Қарттықты құрметтеу керек» атты балалар шоуы, 30 қыркүйекте сағат 15:00 – де №2 балалар кітапханасында «Күздің жасы әдемі» атты кездесу кеші ұйымдастырылады.

30 қыркүйекте «Еріктілер мектебі» жобасы аясында «Қамқорлық мекенжайлары» акциясын «Астана жастары» КММ өткізеді. Бұл күні еріктілер жалғыз тұратын қарт астаналықтарға барып, оларға азық-түлік себеттерін табыстайды.

Мерекеге орай барлық мектептер мен балабақшаларда аға буынға ұқыпты қарау туралы сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізіледі.

Сол күні «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының акт залында «Золотые россыпи» концерті өтеді. 

1 қазан күні сағат 12:00 - де «Наз» мемлекеттік би театры «Қариялар-халық қазынасы» қайырымдылық концертіне шақырады. 

3 қазан күні сағат 18:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясвнда ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуына орай «Ардагерлер ұйымының шежіресі/Летопись ветеранского движения» атты концерт өткізеді.

Қарттар күніне орайластырылған қазан айының мерекелік бағдарламасында шахматтан дәстүрлі спорттық фестиваль, тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнир және басқа да көптеген іс-шаралар бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға