Жаңалықтар

Астанада «Ақжайық» гүлзары жаңартылды

Астанада «Ақжайық» гүлзары жаңартылды
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 20.05.2024 19:06 393

Елорданың Сарыарқа ауданында Жеңіс пен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Ақжайық» гүлзарын қайта жаңарту жұмысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап. 

1005 шаршы метрден астам аумақ заманауи жайлылық пен қауіпсіздік стандарттарын ескере отырып жөндеуден өтті.

Мұнда спорттық тренажерлер жабдықталды, баскетбол алаңы, жүгіру жолы, шағын сәулет нысандары, тартан жабыны және т.б. жаңартылды. Сондай-ақ, алаңда субұрқақ, сурет салуға арналған мольберттер, түрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары бар.

Биыл Астанада 170 қоғамдық және аула кеңістігі абаттандырылады. Бұл жұмыспен қаланың барлық аудандары қамтылады. Сонымен қатар, жөндеу-қалпына келтіру жұмысы да жүргізілуде. Абаттандыру кезінде қаланы көгалдандыруға ерекше назар аударылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға