Жаңалықтар

Астанада апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

Астанада апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 18.10.2023 14:12 479

Астанада 2023 жылы 18 апатты үйден 327 пәтер тұрғыны қоныс аударды. Республика күні қарсаңында қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындар қуаныштарымен бөлісіп, жылы лебіздерін жеткізді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2023 жылы 327 пәтерлі 18 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жүргізілді. Осы жылдың соңына дейін тағы екі апатты жағдайдағы үйдің тұрғындарын 43 пәтерге көшіру жоспарланып отыр.

Жаңа пәтер иелерінің бірі Татьяна Копнова бұрын 13 шаршы метр аумақта өмір сүргенін есіне алады. Қазір оның баспанасы екі еседен де үлкен.

Біз жатақханада өмір сүрдік, баспанамыз небәрі 13 шаршы метр болды. Енді жаңа баспанаға қоныстанып отырмын. Мұндай пәтерді өзіміз сатып ала алмас едік. Жаңа пәтерімді жақсы көремін, біз мұнда келгенде толық жөнделген күйде болды. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Ғажайыпқа сеніңіздер, армандарыңыз орындалады! Ғажайыпқа сеніп, пәтерлі болды, - деп елорда тұрғыны қуанышымен бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға