Жаңалықтар

Астанада Аналар күніне орай медиация бойынша кездесу өтті

Астанада Аналар күніне орай медиация бойынша кездесу өтті
Фото: Астана қалалық әкімдігі 10.05.2024 18:33 321

Астанадағы «Достық үйінде» Аналар күніне арналған медиация бойынша кездесу өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған іс-шараның мақсаты – әйел-ананың қоғамдағы,отбасындағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін айқындап, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы Qazaqstan jastary қоғамдық қорымен бірлесе ұйымдастырған дөңгелек үстелге белгілі медиаторлар мен психологтар, басқа да қоғам белсенділері және жастар қатысты.

Іс-шараның модераторы Роза Бекішева аталған күннің тарихын таныстырып өтті.

Аналар күні біздің елімізде 2012 жылдан бастап аталып өтіп жүргенмен, биыл халықаралық мереке ретінде бірінші рет тойланып отыр. Бұл күн мамырдың екiншi жексенбiсiнде аталып өтеді, биыл 12 мамырға сәйкес келiп отыр. Аналар күні – БҰҰ-ның халықаралық ұйымы мойындаған мереке. Ол көптеген елде тойланады. Биыл осы мейрамды атап өтетін елдерге Қазақстан да қосылды. Бұл мерекенің тарихы Америкадан бастау алған. Яғни XIX ғасырда АҚШ-та пайда болды, - деді Р.Бекішова.

Алғысөздерден соң заңгерлер мен медиаторлар және өзге де қоғам белсенділері ана мен отбасы мәселелері төңірегінде сөз сөйлеп, осыған қатысты қоғамдағы проблемаларды шешу жолын талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға