Жаңалықтар

Астанада алғашқы медициналық көмек туралы халықаралық конференция өтіп жатыр

Астанада алғашқы медициналық көмек туралы халықаралық конференция өтіп жатыр
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 23.10.2023 10:33 389

МСАК бойынша Алматы декларациясының 45 жылдығына және Астана декларациясының 5 жылдығына арналған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің түкпір-түкпірінен Денсаулық сақтау министрліктерінің, даму бойынша әріптестердің және ДДҰ елдік офистерінің 200-ден астам делегаты жұмыс форматында медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен ДҚЖҚ арасындағы байланыстардың аспектілерін, жекелеген елдер мысалындағы МСАК реформаларының саясатын, бастапқы буынды қаржыландыру модельдері сияқты өзекті тақырыптарды талқылайды. ҚР Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы саясат пен практика: жоғары нәтижелерге ұмтылу» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырды.

Конференция жұмысына ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің 80 ресми делегациясы, денсаулық сақтау министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жас ғалымдар, медицина қызметкерлері қатысып жатыр. Сонымен қатар іс-шараға алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін ұйымдастырудың техникалық аспектілеріне жауапты денсаулық сақтау министрліктерінің аға лауазымды тұлғалары, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін әзірлеуге қатысатын ғылыми-білім беру мекемелерінің, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың ғылыми және техникалық сарапшылары шақырылды.

Барлығы 600-ге жуық делегат бетпе-бет форматта, сондай-ақ онлайн режимінде 1000-нан астам қатысушы қатысады.

МСАК бойынша Жаһандық конференцияның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы, ДДҰ бас директоры Т.Гебрейесус, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х.Клюге, Еуропа мен Орталық Азиядағы ЮНИСЕФ Өңірлік директоры Р. Де Доминисис, ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері деңгейіндегі 67 ресми делегация қатысады.

Форумға қатысушылар әлемдік денсаулық сақтаудағы қазіргі жағдай және оның болашағы туралы пікір алмасуға, нақты нәтижелер мен жетістіктер мысалында 2018 жылғы МСАК бойынша Астана декларациясының міндеттемелерін орындау қорытындысын шығаруға, сондай-ақ пленарлық сессия барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету үшін МСАК-тың рөлін кеңінен талқылауға ниетті.

Конференция Еуропа елдері үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (МСАК) негізгі маңыздылығын тағы да атап өтуге арналған. МСАК кез келген тиімді денсаулық сақтау жүйесінің негізі болып табылады және оны дамытуға және дамытуды инвестициялауға басымдық беру керек. Қазақстан МСАК-ты дамытуға қатысты жаһандық көшбасшылардың бірі болып табылады, бұған Алматы және Астана декларациялары дәлел бола алады.

Конференцияда Еуропа елдері денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға және өз азаматтарының әл-ауқатын қорғауға өздерінің берік міндеттемелерін жариялау үшін Қазақстанның басшылығымен бірігеді. Елдердің бірлескен күш-жігері барлық адам үшін денсаулық сақтау қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізуге бағытталған.

Сондай-ақ конференция жастардың белсенді қатысуы үшін алаң болады. Қазір біздің ғаламшарымыздың халқындағы жастардың үлесі бұрын-соңды болмағандай үлкен. Жастар денсаулық сақтау жүйелерінің қызметтерін пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар олар – осы жүйелердің болашағы. Сондықтан олардың қажеттіліктерін ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытын анықтауға қатысуға мүмкіндік бермейтін кедергілерді жою өте маңызды.

Конференция жаһандық деңгейде МСАК-ты дамытуды одан әрі талқылау үшін қуатты ынталандыру болады. Жастар өз проблемалары мен көзқарастарын бөлісуге және МСАК-тың дамуына өз үлестерін қосуға мүмкіндік алады.

Осындай ынтымақтастық пен ұрпақтар арасындағы диалог инклюзивтілік, жариялылық және орнықты даму қағидаттарында болашақты құру жолындағы маңызды қадам болмақ.

Конференцияның негізгі бағдарламасы пленарлық және қатар отырыстардан тұрады. Конференция конференцияның онлайн-платформасында және ДДҰ Еуропалық бюросының сайтында нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

Конференция алаңдарындағы плакаттар көрмесінде ДДҰ ЕӨБ дайындаған көрнекі мысалдар сериясына және әлемнің әртүрлі елдерінің тәжірибесінен жарияланған басқа да мысалдарға негізделген медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қайта құру туралы елдердің тарихы ұсынылады.

Халықаралық конференцияның шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың, ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюроның басшысы Ханс Клюгенің қатысуымен республикалық МСАК орталығының ашылуы өтеді.

Республикалық орталық өңірлік медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына одан әрі тарата отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынатын үздік практикаларды пилоттау және талдау алаңы болады.

Жаһандық конференцияның қорытындысы бойынша МСАК болашағы туралы бірлескен қаулы қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға