Жаңалықтар

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді

Астанада алғаш рет үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz 12.09.2024 14:16 261

6-13 қазан аралығында Астанада үстел теннисінен XXVII Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Азия чемпионатында 26 елден барлығы 210 спортшы өнер көрсетеді. Атап айтар болсақ, Бахрейн, Гонконг, Үндістан, Иордания, Иран, Йемен, Катар, Қытай, Қытайлық Тайпей, КХДР, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Таиланд, Өзбекстан, Филиппин, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Жапония және Қазақстан спортшылары өзара мықтыны анықтайды. 

Қатысушылар арасында командалық есептегі Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Қытай спортшысы Ван Чуцинь, командалық есептегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Мива Харимото және Миу Хирано (Жапония), Олимпиаданың алтын және күміс жүлдегері Сунь Инша (Қытай), микстегі Олимпиада чемпионы Мима Ито (Жапония), командалық есептегі Олимпиаданың қола жүлдегері Томоказу Харимото (Жапония) бар.

Қазақстан намысын Рио-2016, Токио-2020, Париж-2024 Олимпиада ойындарының қатысушысы Кирилл Герасименко, 2020 жылғы Олимпиаданың қатысушысы Анастасия Лаврова, микстегі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Алан Құрманғалиев, халықаралық турнирлердің жүлдегерлері Сарвиноз Миркадирова, Зауреш Акашева және басқа да спортшылар  қорғайды. 

Медальдар ерлер мен әйелдер арасында жеке, командалық, сондай-ақ жұптық және аралас разрядтарда ойналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға