Жаңалықтар

Астанада алғаш рет Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайы өтіп жатыр

Астанада алғаш рет Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайы өтіп жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.11.2023 11:00 2164

Астанада Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайы өтіп жатыр. Оған алыс-жақын шетелден мейманды қонақтар қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған форум Қазақстандағы әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев форумда сөз сөйлеп, маңызды жиынға Орталық Азиядағы бауырлас елдерден меймандар келіп қатысып жатқанын айтты.

Астанада алғаш рет Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайы өтіп жатыр

Бұл форум Қазақстандағы әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп отыр. Жаңадан құрылып отырған мұндай диалог алаңы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен үлес қосады деп сенемін. Сондықтан құрылтай жұмысына сәттілік және әлеуметтік жобаны іске асырушыларға жаңа жетістіктер тілеймін, – деді Сенат төрағасы.

Астанада алғаш рет Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайы өтіп жатыр

Сондай-ақ ол дстүрлі достық қатынастарды, өзара тиімді ынтымақтастықты Орталық Азия елдерімен дамыту Қазақстан үшін негізгі басымдықтың бірі болып табылатынын айтты.

Соңғы жылдары елдеріміздің өзара іс-қимыл жасауы табысты және серпінді дамып келеді. Көптеген бағыт бойынша өңірдегі мемлекет басшылары тұрақты негізде екіжақты және көпжақты форматтарда кездесіп тұрады. Ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды аспектілер бойынша ұстанымдарын келісіп отырады, – деді.

Сенат төрағасы жылдың басында Түркістанда алғашқы Орталық Азия мемлекеттерінің парламентаралық форумы өткенін және бұл жерде мазмұнды диалог және ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланғанын тілге тиек етті.

Форумның қорытындысы бойынша Түркістан декларациясы қабылданды. Мұнда парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды. Олардың негізгісі әлеуметтік салада ынтымақтастықты арттыру болып табылады. Бүгінгі форум тұрақты және тиімді алаңға айналатынына сенім мол. Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлерін біріктіреді деп ойлаймыз, – деді.

Сонымен қатар ТМД елдері Парламент депутаттарының ынтымақтастығы да дамып келе жатқанын атап өтті.

Астанада алғаш рет Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайы өтіп жатыр

Өткен аптада Бішкекте Парламентаралық Ассамблеяның 56-отырысы болып өтті. Бұл тұрғыда біздің заңнамалық органдардың арасында маңызды іс-қимылдар талқыланды. Әріптестерімізбен бірге алғашқы Орталық Азия әлеуметтік-кәсіпкерлерінің құрылтайын қолдаймыз. Осы форумға қатысып жатқан халықаралық және шетелдік қонақтарымызды көргенімізге қуаныштымыз. Бұл форум тұрақты және тиімді шараға айналады деп ойлаймын. Орталық Азия елдерінің әлеуметтік кәсіпкерлерін біріктіреді деп сенемін, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға