Жаңалықтар

Астанада әлеуметтік көмек алған 800-ден астам отбасының жағдайы жақсарды

Астанада әлеуметтік көмек алған 800-ден астам отбасының жағдайы жақсарды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 12.09.2023 17:50 758

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 850 отбасы 2023 жылы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК мыналарды көздейді:

- табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы әр балаға 1,5 АЕК (5 175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

2022 жылы АӘК алушылар саны 4,1 мың отбасыны (20,2 мың адам) құрады, осы жылдың 1 қыркүйекке 3,3 мың отбасы АӘК (16,5 мың адам) алды.

Кәмелетке толмаған үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған Сәуле Қожакенов отбасы – тұрақты атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылардың бірі.

Мен кәмелетке толмаған үш баланың анасымын. 2020 жылдың қаңтарында кенже балам дүниеге келіп декреттік демалысқа шыққаннан кейін өмірлік қиын жағдайға тап болдым. Жағдайымды жақсарту үшін 2020 жылдың шілде айында атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірдім. Кейін «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-на лаборант болып жұмысқа шықтым. Нәтижесінде менің отбасым АӘК алушылардың тізімінен шықты, — дейді Сәуле Қожакенова.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасына сүйенер болсақ, Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алған 100 мыңнан астам отбасы өткен жылы кедейлік жағдайынан шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға