Астанада әлемнің 27 елінің еріктілері Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) қозғалысының көшбасшылар слетінде бас қосады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада АӨСШК еріктілер қозғалысы көшбасшыларының слетіне белсенді дайындалуда. Ол ағымдағы жылдың қазан айында АӨСШК-нің VI саммиті барысында айтылған Президенттің бастамасымен өтеді.
Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың, АӨСШК Бас хатшысының орынбасары Чжан Лианның, Сыртқы істер министрлігі және Астана әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.
Кездесуде алдағы слет бағдарламасы, қатысушылардың логистикасы, ұйымдастырушылық-техникалық сәттер мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
АӨСШК еріктілер слеті 3-4 қазанда Астанада өтетінін естеріңізге салай кетейік. Азияның 27 елінен 400 белсенді қатысады. Олар үшін тақырыптық панельдік сессиялар, білім беру және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Слеттің мақсаты - тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы волонтерліктің рөлін белгілеу және Азия елдеріндегі мәдениетаралық диалогын нығайту. Сондай-ақ кездесу маңызды әлеуметтік мәселелерді талқылауға арналған алаң болады.
Сонымен қатар слет шеңберінде АӨСШК Жастар кеңесінің VIІ отырысы жоспарланған, оның қорытындысы бойынша волонтерлікті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар қабылданатын болады.
Астанада әлемнің 27 елінің еріктілері көшбасшылар слетінде бас қосады
Оқи отырыңыз
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?