Жаңалықтар

Астанада «Алдар көсе» атты мюзикл өтеді

Астанада «Алдар көсе» атты мюзикл өтеді
Фото: © Қазақконцерт 24.01.2024 17:30 460

Елордада 27-28 қаңтар күні Қазақконцертте «Алдар көсе» мюзиклі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

«Алдар көсе» мюзиклінің премьерасын 2022 жылдың желтоқсан айында Орталық Азиядағы тұңғыш «Astana musical» мемлекеттік театры ұсынған болатын.

Қойылымның сюжетінде қазақ халқының жарқын, қызықты және тағылымды көрінісі баяндалады. Сондай-ақ мюзикл халық батырының мәңгілік бейнесін жасауға, мықты тұлға ретінде қалыптастыруға, адамгершілік-рухани құндылықтарды, даналық пен тапқырлықты дәріптеуге бағытталған. Басты кейіпкер кедейлерді зұлымдық пен сараң байлардан қорғап жүреді. Әрі шапшаң, әрі жүйрік Алдар көсе үнемі қиын жағдайлардан шығып кетуге тырысады. Бұл жолы оқиға кейіпкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені халықты Тағай ханның әділетсіз билігінен аман алып қалуы тікелей өзіне байланысты. 

Мюзиклдің қоюшы-режиссеры – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, қойылымның авторлары – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Есләм Нұртазин, Әннәс Бағдат, композитор – Ербол Нариманұлы, Ақжол Өмірзақов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға