Жаңалықтар

Астанада Алаш тасжолының учаскесі жабылады

24.05.2025 21:09 542
Астанада Алаш тасжолының учаскесі жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алаш тасжолының 191 көшесінен 69 көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 25-29 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға