Жаңалықтар

Астанада актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді

Астанада актерлер арасында қазақ күресінен «Театр барысы» турнирі өтеді
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 26.02.2024 18:06 491

Астанада Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 28 ақпан күні сағат 14:00-де қазақ күресінен театрлар арасында II республикалық «Театр барысы» турнирі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.

Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен театр және кино актерлері қатысады.

Айта кетейік, көрермендер мен жанкүйерлер үшін кіру тегін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға