Жаңалықтар

Астанада «Әкелер одағының» жұмысы қорытындыланды

Астанада «Әкелер одағының» жұмысы қорытындыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 14.06.2024 04:39 432

Астанада «Әке тәрбиесі – ғасырға азық» форумы өтіп, «Әкелер одағының» жұмысы қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, елордалық білім басқармасының өкілдері және «Әкелер одағының» мүшелері қатысты. Форум Қазақстандағы әкелер күніне орай ұйымдастырылды.

Бүгінгі таңда «Әкелер одағының» 12 өңірлік филиалы бар, ал Астананың әр мектептерінде одақ өкілдіктері жұмыс істейді. Одақ ЮНИСЕФ-тің ерте жастағы балаларға, денсаулыққа және қыздарды тәрбиелеудегі әкенің рөліне қатысты үш жобасына қатысады, сонымен қатар тақырыптық кітаптар шығарып, баспалармен жұмыс істейді.

Әке институтын дамыту – мемлекеттің отбасылық және гендерлік саясатының басым міндеттерінің бірі. Осы жылдың күзінде әкелердің IX республикалық форумы өтеді. 2023 жылы Қазақстанда отбасылық құндылықтарды дәріптеу үшін екі жаңа мереке енгізілді.Маусымның екінші жексенбісінде – Аналар күні және маусымның үшінші жексенбісінде – Әкелер күні бекітілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға