Жаңалықтар

Астанада әкелер мен балалар үшін қызықты сайыс өтті

Астанада әкелер мен балалар үшін қызықты сайыс өтті
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 15.06.2024 22:10 316

Астанада «Байқоңыр» ауданының «Ататүрік» саябағында «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Көңілді дода «Әкелер күні» мерекесі аясында «Байқоңыр» ауданының әкелері мен балаларының қатысумен ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты, қазақтың ұлттық ойындарын ойнай отырып, отбасы институтын нығайту. Сондай-ақ, жанұядағы әке рөлінің маңыздылығын көрсету, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Отбасылық жарысқа елордалық әкелер мен балалар қатысып, қазақтың «Арқан тарту», «Бес тас», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Ләңгі тебу» сынды ұлттық ойындарынан өзара бақ сынады.

Нәтижесінде, көптің ішінен оза шауып, басты жүлдені Айдар Шонаев пен баласы Таңатқан Нұрислам жеңіп алды.

Мен Байқоңыр ауданындағы №4 мектеп гимназиясынан келдім. Өзім аталған мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімімін. Ал ұлым Таңатқан Нұрислам осы білім ордасының оқушысы. Бүгін екеуміз мектебіміміздің намысын сәтті қорғап шықтық. Басқа қатысушылар да оңай шағылар жаңғақ болған жоқ. Олар бізге мықты қарсылас болды. Жарыс өте тартысты өтті деп айта аламын. Осындай ұлттық спортты дамытуға, насихаттауға бағытталған сайыстардың көбірек ұйымдастырылғанын қолдаймын, - деді Айдар Шонаев.

Айта кетейік, биыл айтулы мереке маусым айының он алтыншы жұлдызына тұспа-тұс келіп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға