Жаңалықтар

Астанада ағаш басына шығып кеткен бірнеше мысықты ТЖМ құтқарушылары төмен түсірді

11.05.2025 17:15 505
Астанада ағаш басына шығып кеткен бірнеше мысықты ТЖМ құтқарушылары төмен түсірді

Астанада ТЖМ қызметкерлері үй жануарларын құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше, үй жануарлары ағаштарға өрмелеп, төмен түсе алмай қалған. 

Аталған жағдай бүгін Сарыарқа және Алматы аудандарындағы көпқабатты үйлердің аулаларында тіркелді. Алаңдаған куәгерлер құтқарушыларды шақыртқан.

Екі мысық та үш буынды баспалдақпен аман-есен түсіріліп, өтініш берушілерге берілді. ТЖМ үй жануарларын қараусыз қалдырмауыңызды сұрайды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға