Астанада Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қатысуымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналды. Гүл шоқтарын қою рәсімі оның ұлттық әдебиет, философия және білім беру ісінің дамуына қосқан айрықша үлесін мойындаудың, сондай-ақ кейінгі ұрпаққа аманат еткен рухани құндылықтарына құрмет көрсетудің символына айналды.
Абай мұрасы бүгінгі және келер ұрпаққа шабыт беріп, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөлін сақтап келеді және қазақстандық қоғам үшін өзекті мәнге ие.
Салтанатты іс- шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылым және мәдениет саласы өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.
Астанада Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Оқи отырыңыз
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр