Жаңалықтар

Астанада Қабанбай батыр даңғылы жөндеуге жабылды

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді
Астанада Қабанбай батыр даңғылы жөндеуге жабылды
Фото: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 24.08.2022 10:04 655
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды El.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 24 - 27 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының Нұра-Есіл арнасынан Әуежайға дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген сайтта.

Еске салайық, бұған дейін Сығанақ көшесінің жабылғаны хабарланды. Жөндеу жұмыстары 22 тамыз - 1 қыркүйек аралығында жүреді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға