Жаңалықтар

Астанада 9 автобустың бағыты уақытша өзгереді

Астанада 9 автобустың бағыты уақытша өзгереді
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 15.07.2023 06:27 516

Елордада 15 шілдеден бастап 9 автобустың бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Осы жылдың 15-19 шілде аралығында Керей Жәнібек хандар көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі жол бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады CTS.

Осыған байланысты автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады. Сондай-ақ №50, 53, 61 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.

Сондай-ақ көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 15 шілдеден бастап қалалық №40, 121 бағдарларының қозғалыс сызбасына ішінара өзгерту енгізіледі.

Осы жылдың 15-18 шілде аралығында Қорғалжын тас жолының Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған байланысты автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады, сондай-ақ № 21, 32, 44 маршруттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.

Сонымен қатар Ы.Алтынсарин ауылы тұрғындарының өтініші бойынша және көліктік қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, 15 шілдеден бастап № 319 қала маңы бағдарының қозғалыс сызбасына ішінара өзгерту енгізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға