Жаңалықтар

Астанада 8 наурыз күні қандай іс-шаралар өтеді

Астанада 8 наурыз күні қандай іс-шаралар өтеді
Фото: © Pixabay.com 06.03.2024 14:45 404

Елорада мерекеге орай түрлі концерттер, қойылымдар, құттықтау іс-шаралары жоспарланып отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының әкімдігі мереке күні болатын шаралар тізімін жариялады.

6 наурыз күні Е. Рахмадиев атындағы филармония залында сағат 19:30-да «Жігіттер» тобының 20 жылдық мерекелік концерті өтеді. Осы күні «Астана Опера» Опера және Балет театрында Халықаралық әйелдер күніне орай «Нұра» ауданы әйелдер қауымына арналған «Ты – моя мелодия» меркелік концерті, «Наз» Мемлекеттік би театрында «Ару ғұмыр» концерті ұйымдастырылады.

7 наурыз күні Е.Рахмадиев атындағы филармонияда сағат 19:30-да Нұрболат Абдуллиннің жеке концерті өтеді.

8 наурыз күні сағат 18:00-де М.Горький атындағы МАОДТ сахнасында «Восемь любящих женщин» қойылымы, Музыкалық жас көрермен театрында сағат 14:00-де және 19:00-де «Гауhартас» қойылымы, сол сияқты Жастар театрында сағат 19:00-де Театрландырылған концерттік бағдарлама «Махаббат миниатюралары» жоспарланып отыр.

8 наурыз күні сағат 19:30-да Е.Рахмадиев атындағы филармонияда «Тоқтар мен Бейбіт: жаңа бағдарлама» концерті, ал 9 наурыз күні сағат 19:00-де Конгресс-центрде әнші Innaның жеке концерті өтеді.

9 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 19:30-да Алишер Каримовтың жеке концерті өтеді. Ал сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы филармонияда «Шымкент Шоу» әзіл-ысқақ театрының мерекелік концерті өтеді.

10 наурыз сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы филармонияда Қуандық Рахым мен Альбина Шардарованың «Болайық бірге» атты концерті ұйымдастырылады.

Мереке қарсаңында елорданың барлық ауданында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға