Жаңалықтар

Астанада 28 маусым күні қоғамдық көліктің жұмысы таңғы сағат 5-тен басталады

Астанада 28 маусым күні қоғамдық көліктің жұмысы таңғы сағат 5-тен басталады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.06.2023 17:19 939

Астанада Құрбан айт мерекесіне байланысты қоғамдық көлік жұмысын әдеттегіден бір сағат ерте бастайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрбан айт мерекесіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін 28 маусым күні қоғамдық көлік таңғы сағат 05:00-ден бастап қатынай бастайды.

Ал 29 маусымда автобустар әдеттегі қозғалыс кестесі бойынша жүреді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада құрбандық шалынатын орындар анықталған болатын. Олар таңғы 8-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Олар мынадай мекенжайларда орналасқан:

«Жайлау» базары, Алаш тас жолы, С-313 көшесі («Шарын» базарының арты);
«Шанхай» базары, Алаш тасжолы, 34/6 («Көк базар» базарының арты);
«Шопан ата» базары, (Рубиком және Әмір базарының ортасы);
«Баракат» базары, А-369 көшесі, №10 ғимарат.
«Ұлжан» әмбебап базары, Н. Тілендиев көшесі, 24 (бұрынғы «Саянұр» базары).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға