Жаңалықтар

Астанада 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты

Астанада 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы қар тазалауға шықты
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 24.02.2024 17:36 667

Өткен түнде қаланың коммуналдық қызметі елордадан 34,9 мың текше метр қар шығарды. Олар жұмысты тәулік бойы бірнеше ауысымда жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, 24 ақпан күні таңертең елордада қар тазалау жұмысына 1,3 мыңнан астам арнайы техника мен 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

23 ақпаннан 24-іне қараған түні қаладан 34,9 мың текше метр, яғни 2647 рейс қар шығарылды.

Қыс басынан бері қар полигондарына барлығы 378,4 мың рейс, яғни 5,14 млн текше метр қар шығарылды.

Сондай-ақ қозғалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға